Жаңалықтар

Жаңаөзенде су тұщыту зауытының құрылысы басталды

Жаңаөзенде су тұщыту зауытының құрылысы басталды
Фото: t.me/samrukazynaofficial 05.09.2023 10:03 953
Қарақия ауданы Тоқымақ төңірегінде қуаты тәулігіне 50 мың текше метрді құрайтын теңіз суын тұщыту зауытының құрылысы Жаңаөзен халқын ауыз сумен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
 
Ауыз су «Астрахань-Маңғыстау» су құбырымен Қиғаш өзенінен Жайық суын тасымалдау арқылы жеткізіледі. Бүгінгі таңда бұл – Атырау және Маңғыстау облыстарының бірқатар елді мекендері пайдаланып отырған жалғыз тіршілік көзі.
 
Құрылыс жұмыстары 2024 жылдың соңыңа қарай аяқталуы тиіс. Ал 2025 жылдың көктемінде өндіріс орны толық жобалық қуатына шығады деп жоспарланып отыр. Жоба «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ жеке қаражаты есебінен қаржыландырылады.
 
Шалғайда тұратын халықтың әл-ауқатын жақсарту – ҚазМұнайГаздың басты мақсаттарының бірі. Мемлекет басшысының тікелей тапсырмасын сапалы әрі қысқа мерзімде орындап, Жаңаөзендегі ауыз су тапшылығына қатысты мәселені түбегейлі шешу қажет, - деді ҚМГ басшысы Мағзұм Мырзағалиев.
Сонымен қатар, су тұщыту зауытын салу өңірде жүздеген жаңа жұмыс орнын ашуға мүмкіндік береді. Құрылыс кезінде 240 адам, зауыт іске қосылғаннан кейін 100-ден астамы жұмыспен қамтылады.
Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға