Жаңаөзенде қоқыс тарифі қымбаттады

Желтоқсан айынан бастап Жаңаөзен тұрғындарынан қоқыс төгуге төленетін тариф бағасы көтерілді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі mangystaumedia.kz-ке сілтеме жасап.
Осыған дейін пәтер иесіне ғана келетін төлемақы енді пәтерде тұратын адам басына есептеледі. Бұл туралы «Тазалық - С» ЖШС директоры Н.Бегайдаров айтты.
Маңғыстау облысы Жаңаөзен қалалық мәслихатының 2023 жылғы 19 қазандағы №8/69 «Жаңаөзен қаласы бойынша халық үшін тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, тасымалдауға сұрыптауға және көмуге арналған тарифтерді бекіту» туралы шешіміне сәйкес «Тазалық –С» ЖШС 2023 жылдың желтоқсан айының 1-ші жұлдызынан бастап бекітілген тариф бойынша «Шаңырақ», «Шұғыла», «Самал» Көктем Өркен Рауан, Бейбітшілік Жалын (3А) шағынаудандары бір тұрғынға айына 433,46 теңгеден есеп жүргізетіндігін хабарлаймыз, деп жазылған ресми хабарламада.
