Жаңаөзенде кәмелетке толмаған жасөспірімді зорламақ болды деген күдікті ұсталды

Фото: © Polisia.kz
Фото: © Polisia.kz
29.05.2023 23:42
857
Жаңаөзенде кәмелетке толмаған жасөспірімді зорламақ болды деген күдікке ілінген ер адам ұсталды. Бұл туралы ҚР ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып El.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
28 мамыр сағат 17:00 шамасында 102 кезекші пультіне Жаңаөзен қаласы 4 шағын ауданда ер адам кәмелетке толмаған қызды зорламақ болды деген негізбен шақырту келіп түсті.
Аталған дерек ҚР ҚК 124-бабы «Жас балаларды азғындық жолға түсіру» бойынша СДТТБТ-де тіркелді.
37 жастағы күдікті УҰИ-ға қамалды.
Тергеу мүддесі үшін өзге ақпарат жария етілмейді.
Бөлісу:
