Жаңалықтар

Жаңа жылда көтеріңкі көңіл-күй сыйлайтын фильмдер

Шытырман оқиғаға толы 10 фильм
Жаңа жылда көтеріңкі көңіл-күй сыйлайтын фильмдер
30.12.2019 11:00 6973

Жаңа жылдық фильм десе, есімізге бірден голливудтық «Үйде жалғыз қалғанда» ("Один дома") комедия жанрындағы фильмі түсетіні белгілі. Қызыққа толы мұндай туындылар көрерменді ешқашан жалықтырмайтыны рас. Біз алдағы мереке қарсаңында көтеріңкі көңіл-күй сыйлайтын жаңа жылдық өзге де  кинолар тізімін ұсынуды жөн көрдік. 

Гринч – Рождестволық ұрлықшы/Гринч – похититель Рождества (2000 жыл)

Рождество мерекесіне арналған бұл фильмдегі қатігез жасыл Гринчті көрермендер жақсы таниды.  Өйткені ол әрқашан кішкентай бүлдіршіндердің сүйікті мейрамын ұрлап жүреді. Сондықтан одан көпшіліктің көңілі қалған. Егер сіз зұлым  данышпан болсаңыз, Рождествоны ұрлау соншалықты қиын емес. Ал фильмде жасыл Гринчтің рөлін Джим Керри сомдайды. 

Поляр экспрессі/Полярный экспресс (2004 жыл)

Фильмдегі жасөспірім бала достарының мазақ еткеніне қарамастан Аяз Атаның бар екендігіне сенуін жалғастыра береді. Рождество қарсаңында бір сиқырлы пойыз баланың үйінің жанына келіп тоқтайды. Бұл поляр экспрессі баланы және достарын мінгізіп, ұзақ сапарға яғни Солтүстік Полюске Санта Клаусқа қонаққа апарады. Оған жету оңай деп қалмаңыз! Мұз үстінде жүру кезінде түрлі тосын кедергілер шығып қалуы мүмкін... Мәселен, мұз жарылып та кетуі ғажап емес... Әсіресе бақылаусыз пойыздың төбесінде елес болса... Шытырманға толы жаңа жылдық фильм барлық көрерменнің назарын аудартатыны сөзсіз.

Чарли және шоколад фабрикасы/Чарли и шоколадная фабрика  (2005 жыл)

Фильмде Чарли есімді қарапайым бала ата-анасымен қала шетінде өмір сүріп жатады. Қақаған қыстың кесірінен үйдің іші де салқын тартып кеткен уақыт болатын. Қырсыққанда  Чарлидің әкесін жұмыстан шығарып жібереді. Сондай сүреңсіз күннің бірінде теледидардан Вилли Вонконың шоколадының жарнамасы көрсетілген-тін. Ондағы дәмді кәмпиттердің ішінде фабрикаға саяхаттауға мүмкіндік беретін алтын билеттер жасырынған. Сол алтын билеттердің біріне Чарли де ие болып, өзге жеңімпаздармен бірге құпияға толы фабриканы аралауға аттанады. Мұнда оны түрлі қызыққа толы шытырман оқиғалар күтіп тұр.

Фред Клаус, Сантаның ағасы/Фред Клаус, брат Санты (2007 жыл)

Азя Атаның ағасы бар ма деп ойланып көріп пе едіңіз? Оның ағасы бар екен. Есімі -  Фред Клаус, бірақ ол рождествоға сенімін жоғалтқан. Желтоқсанның бір күнінде Фред бұғы шанамен  Солтүстік полюске ұшып келгенде жаңа жылдық сыйлықтарды таратын Санта Никтің проблемаға тап болғанын біледі. Жаңа жылдық керемет көңіл-күй сыйлайтын фильм сізге де ұнауы мүмкін.

Төрт Рождество/Четыре Рождество (2008 жыл)

Фильмдегі басты кейіпкерлер Кейт пен Брэд үш жылдан бері кездесіп келеді. Олар би сабақтарына бірге қатысады, Рождестволық мерекелерде бірге демалады.  Барлық жағынан оларды мінсіз жұп деп атауға болады. Бірақ екеуі де отбасылық байланыстар мен некеге тұру сынды жайттарға түбегейлі қарсы. Бұған себеп –  толық емес отбасында өскендіктері.

Сонымен, алдағы Рождество мейрамын тойлау үшін  ғашықтар күнге қыздырынып, суға түсіп, дайвингпен айналысу үшін Фиджиге баруды ұйғарады.  Алайда қатты тұманның салдарынан барлық рейстер тоқталылып,  осы оқиғаға қатысты көрсетілген тележаңалықтарға түсіп қалады. Енді кейіпкерлеріміз мейрамды төрт туысқандарымен бірге тойлауға мәжбүр болады.  Себебі олар бір күнде төрт Рождествоны қарсы алып үлгерулері тиіс.

Рождестволық хикая/Рождественская история (2009 жыл)

Чарльз Диккенстің бұл фильмінде көрермендерге бүкіл өмірін байлық жинауға арнап, нәтижесінде қарапайым адами қуаныштарды ұмытқан сараң бай қарт Скрудждың өмірі көрсетіледі. Өзгелер жаңа жылдық мерекені тойлауды бастап кетсе, ол  жыл сайынғы дәстүрі бойынша мерекені елемейді.  Алайда,  қызғаншақ Скруджке өткеннің, қазіргінің және келе жатқан  Рождествоның елестері (рухтары) келіп, оған өмірге көзқарасын өзгертуге мүмкіндік береді.

Құс жолы/Млечный путь (2015 жыл)

Қашықтықтағы қарым-қатынас – кез келген ерлі-зайыптылар үшін қиын сынақ. Екі жаққа ажыраған Надя (Марина Александровна) мен  Андрейдің (Сергей Безруков) шаңырағы шайқалуға шақ тұр. Ерлі-зайыптылар ұзақ уақыттан бері бірге тұрмайды. Күйеуі Мәскеуде жұмыс істейді, ал әйелі  қос баласымен Иркутскіде тұрады. 

Жаңа жыл қарсаңында отағасы жақындарына аттанады. Мерекелік демалыстарын ерлі-зайыптылар балаларымен бірге Ольхон аралында өткізеді. Бірақ оларды сол жақта түрлі сынақтар мен шешілмеген мәселелер күтіп тұрған еді. Жаңа жылдық бұл сапар олардың ары қарай бірге болатынын немесе отбасылық одақтың ыдырайтынын анықтап береді.

Крампус (2015 жыл)

«Крампус» фильмінің сюжеті Рождество мейрамымен тұспа-тұс келеді.  Мұнда Том  (Адам Скотт) мен Сараның (Тони Коллетт) үлкен отбасы осы мейрамды  қарсы алу үшін бас қосады. Алайда олардың қарым-қатынасы жақсы болмағандықтан Рождествоны  бірге атап өтуді онша ұната бермейді. Сондықтан отбасы мүшелері үшін бұл мереке нағыз сынаққа айналуы әбден мүмкін.

Кешкі ас алдында үйде кенеттен жарық пен жылу өшіп,  таңқаларлық  жағдайлар бола бастайды. Жанұя мүшелерінің бір-бірімен жанжалдасуының кесірінен бұл шаңыраққа мейірімді Санта-Клаустың орнына зұлым Крампус келген. Енді өздерін жазалау үшін келген зұлымнан фильм кейіпкерлері бірге жол тауып,  құтылуы қажет.  

Рождество ойлап тапқан адам/Человек, который изобрел Рождество (2017 жыл)

Фильмде  несие берушілерден жасырынған жас автор жаңа қолжазбасын басып шығару үшін баспалар іздейді. Бірақ көптеген баспалардың табалдырығын тоздырғанымен барлығы нәтижесіз аяқталып, олар жас автордың кітабын қаржыландырудан бас тартады. Жас жазушыға кітапты өзі шығарудан басқа амал қалмайды. Ол қандай жағдай болмасын тек сәттілікке сенім  артады. Сонымен бас кейіпкер сәтсіздікке ұшыраса, өзінің әдеби мансабын ұмытуға мәжбүр болмақ.

Бұрынғы атақ-даңқын қайтару және қаржылық жағдайын жақсарту үшін жазушы Рождествоға дейін кітапты аяқтауға тырысады. Лондонның күнделікті өмірінен шабыт алған ол ертегі кейіпкерлерін ойлап табуға кіріседі. Бір айта кетерлігі, осы уақытта Чарльз Диккенстің отбасымен ара-қатынасы нашарлап,  өзі де ертегі кейіпкеріне ұқсай бастайды. Осы кітаппен жұмыс оған жақын адамдармен қарым-қатынасты орнатуға және кейіпкерлерінің өмірін өз басынан өткеруге мүмкіндік тудырған.

Екеуге арналған Рождество/Рождество на двоих (2019 жыл)

Бұл фильмдегі басты рөлді «Тақтар ойынында» Дэйенерис болып көпшілікке танылған Эмилия Кларк сомдайды. «Екеуге арналған Рождество»  күнделікті күйбең тіршіліктен жалыққан әрі бір сарынды өмір сүріп жатқан Кейт атты сұлу қыз жайында. Рождестволық дүкенде жұмыс істейтін бас кейіпкер танымал жұлдыз болуды армандайды. Бірақ та оның барлық конкурстық тыңдаулары түрлі қателіктермен аяқталады. Ол аздай күнделікті өмірінде де түрлі сынақтар алдынан шығады.

Рождестволық мереке Кейтке тосын сый дайындап тұр еді. Себебі, ол Том есімді жас жігітпен танысып, өмірінде жақсы өзгерістер пайда болады.  Қыздың жүрегін жаулаған жігіттің рөлін «Ессіз бай азиялықтар» фильмімен танымал Генри Холдинг ойнайды.

Алда келе жатқан демалыс күндеріңіз біздің ұсынған фильмдерімізбен сәтті өтуін тілейміз.

(Суреттер ашық ғаламтор көзінен алынды)

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға