Жаңа жылдық рейдтер барысында заңсыз ағаш кесудің 8 фактісі анықталды
![Жаңа жылдық рейдтер барысында заңсыз ағаш кесудің 8 фактісі анықталды Жаңа жылдық рейдтер барысында заңсыз ағаш кесудің 8 фактісі анықталды](/storage/storage/element/2025/01/11/mainphoto/137481/1200xauto_h2pd8l2A4y2O3peGTWFDKaeUriTGhwbZNVDUMZB8.jpg)
Фото: Polisia.kz
Фото: Polisia.kz
11.01.2025 19:11
579
Қылқан жапырақты жас ағаштардың заңсыз кесілуінің, тасымалдануының және сатылуының жолын кесу мақсатында «Шырша» жедел алдын алу іс-шарасы өткізілді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Polisia.kz мәліметінше, іс-шара барысында 711 жұмылдыру тобы құрылды.
Жалпы 2450 рейдтік іс-шара өткізілді. Қабылданған шаралардың нәтижесінде 1011 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды:
ағаштарды заңсыз кесудің 8 фактісі;
белгіленбеген жерлерде сатудың 574 фактісі;
жасыл желектерді күтіп ұстау және қорғау ережелерін бұзудың 429 фактісі.
4,9 млн теңгеден астам сомаға айыппұл салынды. Одан бөлек, 4 қылмыстық құқық бұзушылық тіркелді.
Бөлісу:
![Telegram](https://el.kz./static/site/images/tel26.png)
Алдыңғы жаңалық
Медицина қызметкерлеріне біліктілік беру жүйесі өзгереді
Келесі жаңалық
Президент «Жұмысшы мамандықтарының қаласы» фестиваліне барды