Жаңалықтар

Жаңа жылда қанша күн демалыс беріледі?

Жаңа жылда қанша күн демалыс беріледі?
Фото: © Pixabay.com 01.11.2023 09:33 1545

Еңбек және халықтың әлеуметтік қорғау министрлігі 2024 жылғы қазақстандықтар Жаңа жыл мерекесінде қанша күн демалатыны туралы айтты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Жаңа 2024 жылға арналған ресми демалыс күндері – 1, 2 қаңтар. 2023 жылдың соңғы сенбі-жексенбісі 30 және 31 желтоқсанға сәйкес келеді. Осылайша, аптасына 5 күн жұмыс істейтін қазақстандықтар 4 күн қатарынан демалысқа шығады.

Алты күндік жұмыс аптасындағылар үшін 30 желтоқсан ресми жұмыс күні болып саналады.

3,4,5 қаңтар – жұмыс күні. Ал 7 қаңтар – Рождество мерекесі жексенбі болғандықтан, қосымша демалыс күні берілмейді. Сәйкесінше, 5 күн жұмыс істейтіндер 6,7 қаңтарда әдеттегідей демалады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға