Жаңалықтар

Жаңа жылда астан уланып қалмау үшін не істеу керек

Жаңа жылда астан уланып қалмау үшін не істеу керек
Фото: © Pixabay.com 29.12.2023 19:00 2628

Жаңа жылдық мереке кезінде әрбір үйде 3-4 күнге жететіндей тамақ әзірленеді. Аста-төк тамақты туысқандарға беріп жіберетін сәттер де болады. Бір тәуліктен кейін жеуге жарамсыз боп қалатын салаттарды аз мөлшерде дайындау керегін еске саламыз. бактериялардың нағыз қоректік ортасы саналатын майонез қосылған өнімдерді дер кезінде қоқысқа тастауды да ұмытпаңыз, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Мереке қарсаңында ұзақ уақыт кезек күтіп тұрмас үшін бәріміз азық-түлікті алдын ала сатып алғанды ​​жақсы көреміз. Мұндайда ең тиімді жол - азық-түлікті жеткізу қызметіне тапсырыс беру. Егер сізге консервілер мен шырындар секілді ауыр нәрсе сатып алу керек жеткізу қызметін пайдаланған жөн. Бірақ қалай болғанда да, жеткізілген өнімдерді тексеру керек. Қаптаманың жарамдылық мерзімі мен тұтастығын қарау керек. Етті, балықты, жемістерді, көкөністерді, шөп-шалаңды өзіңіз таңдағаныңыз дұрыс. Тауарлардың қандай жағдайда сақталатынын қарау керек.

Көптеген тағамдарды полиэтиленде сақтауға болмайды: олар ылғалдана бастайды. Ірімшіктерді, әсіресе көгерген ірімшіктерді алдын-ала сатып алмаңыз, өйткені жағымсыз иіс тоңазытқышқа таралуы мүмкін, бұл басқа өнімдердің дәмі мен иісіне айтарлықтай әсер етеді. Өнімнің әрбір түрін жеке сөреде сақтау керек. Бір нәрсені сатып алмас бұрын, оның барлығын қайда сақтау керектігін ойлаңыз. Мысалы, сальмонеллез инфекциясын болдырмау үшін шикі жұмыртқаны басқа тағамның жанында сақтауға болмайды.

 

Ет, құс және балық өнімдері

Бұл өнімдерді қатаң түрде саудаға рұқсат етілген жерлерде сатып алу керек. Яғни, ветеринарлық бақылау және тоңазытқыш жабдықтары бар дүкендер мен базарлардан алған жөн. Өнімнің түсіне, иісіне, ветеринарлық бақылау белгісінің болуына назар аударыңыз. Етте болатын сальмонелла инфекциясы мұздатылған кезде өлмейді, ал дұрыс сақталмаса, бактериялардың белсенді көбеюіне әкелуі мүмкін. Сондықтан тауық тағамдарын дұрыс сақтау және дайындау өте маңызды. Барлық тағамдар үшін бір тақтайды пайдаланбау керегін де ескеріңіз.

 

Пісірілген тағамдарды сақтау мерзімі

Ет: тоңазытқышта 48 сағатқа дейін, бөлме температурасында - 4 сағаттан артық емес.

Мұздатылған балық: тоңазытқышта 24 сағатқа дейін, бөлме температурасында - 4 сағатқа дейін

Торттар: тоңазытқышта 36 сағатқа дейін, бөлме температурасында 3 сағатқа дейін.

Салаттар: тоңазытқышта 12 сағатқа дейін, бөлме температурасында 4 сағатқа дейін

 

Сарапшылардан кеңес:

- Жаңа жыл күндерінде жаңа дайындалған тағамдарды жеп, оларды мерекеден кейін бір күн немесе одан да көп уақытқа сақтамаған дұрыс. Тағам дайындау кезінде келесі ережелерді ұсынамыз:

- жеміс-жидектерді мұқият жуыңыз;

- салаттарды қажетінше даярлаңыз;

- кондитерлік өнімдерді, әсіресе кремі бар өнімдерді тоңазытқышта сақтаңыз;

- күрделі экзотикалық тағамдар мен жемістерден бас тарту, өйткені мұндай тағамға әдеттен тыс асқазан жұмысы бұзылуы мүмкін, ал оның соңы ең жеңіл дегенде улануға әкеп соғуы мүмкін;

- шикі және пісірілген жұмыртқалармен, теңіз өнімдерін сақтықпен қолданыңыз.

- мейрамханалар мен дәмханаларды мұқият таңдау, өзіңіз барған не туыстарыңыз немесе достарыңыз ұсынған, жақсы беделге ие сенімді орындарға бару;

- азық-түлік пен дайын тағамдарға қашықтан тапсырысты тек нақты жұмыс істейтін ұйымдарға беру керек. Тапсырыс бермес бұрын қоғамдық тамақтану кәсіпорнына бару, тағамдар мен қызмет көрсетуді бағалау, әкімшіден интернет-тапсырыстар үшін байланыс деректерін алу пайдалы;

- рецептурасы термиялық өңдеуді, әсіресе теңіз өнімдерін термиялық өңдеуді көздемейтін тағамдарға тапсырыс беруден және тұтынудан бас тарту;

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға