Жаңалықтар

Жаңа жылда алпыстан астам адам пиротехникадан зардап шекті

Жаңа жылда алпыстан астам адам пиротехникадан зардап шекті
Фото: Астана әкімдігінің баспасөз қызметі 05.01.2025 02:37 481

Денсаулық сақтау министрлігі елімізде Жаңа жыл мерекесі кезінде пиротехникалық заттардан 63 адам зардап шеккенін мәлімдеді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Оның ішінде 20-сы балалар екені белгілі болды. 

Зардап шеккендердің 12-сі, оның ішінде 5 бала стационарлық емдеуге жатқызылды. Қалған 51 пациент, оның ішінде 15 бала амбулаториялық ем қабылдауда, - деп мәлімдеді министрлік өкілдері.

Зардап шеккендердің ең көбі Алматы қаласында, 19 адам тіркелген. 
- Жамбыл облысында – 11 адам,  
- Қарағанды, Маңғыстау, Қостанай облыстарында және Шымкент қаласында – 6 адам,  
- Ақтөбе облысында – 2 адам,  
- Ақмола, Қызылорда, Атырау, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Алматы және Абай облыстарында – 1 адамнан жарақат алды.  

Барлық зардап шеккендерге «көздің жарақаттары, мөлдір қабығының күйіктері, қолдың күйіктері мен жарақаттары» диагнозы қойылған. Бір науқас ішперде қабырғасының жарақатын алып, қазір стационарда орташа ауыр жағдайда ем қабылдауда.  

Министрлік барлық зардап шеккендерге қажетті медициналық көмек толық көлемде көрсетіліп жатқанын жеткізді. 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға