Жаңалықтар

Жаңа жыл түнінде ауа райы қандай болады

Жаңа жыл түнінде ауа райы қандай болады
Фото: © Pixabay.com 29.12.2023 13:48 1286

Қазгидромет демалыс күндеріне және Жаңа жыл түніне арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Жылдың соңғы күндерінде еліміздің басым бөлігінде жылымық сақталады. Атлантика аудандарынан тағы бір циклон жауын-шашын қар мен жаңбыр түрінде, көктайғақ құбылыстары және желдің күшеюімен келеді.

Ауа температурасы: түнде солтүстікте 5-15 градус аяздан 0-5 градус аязға дейін, орталықта 5-15 градус аяздан 0-5 градус аязға дейін, оңтүстікте 3-11 градус аяздан 0-5 градус аязға дейін ауытқуы, батыста басым температура 3 градус аяз-2 градус жылы, шығыста 0-10 градус аяз, оңтүстік-шығыста 2-10, таулы аймақтарда 12-17 градус аяз, күндізгі температура республиканың солтүстік жартысында 5 градус аяз-2 градус жылы, оңтүстік жартысында 2-7 градус жылы, таулы аудандарда 0-5 градус аяз болады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға