Жаңа жыл қарсаңында ТЖМ құтқарушылары күшейтілген режимде жұмыс істеді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Өткен тәулікте 31 желтоқсанда Қазақстан ТЖМ күштері 158 шығу жасады, оның 88-і өрттер мен жану оқиғаларына, 70-і іздестіру, авариялық-құтқару және басқа да жұмыстарға.
Бұл ретте 25 адам, оның ішінде 8 бала құтқарылды және эвакуацияланды.
ТЖМ азаматтарды өрт қауіпсіздік шараларын сақтап, дауыл туралы ескертулерді, ауа-райының өзгеруін, жолдардың жабылуы туралы хабарламаларды бақылап, алыс сапарларға шықпауға шақырады.
Ауылдық жерлерде тұратын тұрғындарға ауа райы нашарлаған жағдайда алыс қашықтыққа жаяу жүруден бас тартуды ұсынамыз.
Бөлісу:

Алдыңғы жаңалық
Бірнеше облыста автожолдағы көлік қозғалысы шектелді
Келесі жаңалық
Ақтөбе облысындағы ауданда мектеп пен балабақша жөнделді