Жаңалықтар

Жаңа жыл түндері жедел жәрдем 56 мыңнан астам адамға қызмет көрсетті

Жаңа жыл түндері жедел жәрдем 56 мыңнан астам адамға қызмет көрсетті
Фото: ҚР ДСМ 01.01.2024 17:43 967

Жаңа жыл күндері шұғыл медициналық қызмет қарқынды кестеде жұмыс істейді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

ДСМ мәліметінше, өткен жылдың соңғы екі күнінде ел бойынша жедел медициналық жәрдем пультіне тұрғындардан 56 мың шақырту келіп түсті. Оның ішінде 1-3 шұғыл санаттағы шақыртулар 34 мыңды құрады, 4 санат бойынша 22 мың шақырту түсті.

Бұл ретте ең көп шақыртулар Алматы қаласында – 5800, Алматы облысында – 5000-нан астам, Түркістан облысында-460-тан астам және

Астана қаласында - 4000-нан астам шақырту, Шымкент қаласында 3000-нан астам шақырту болды.

Жалпы, осы күндері 150 мыңнан астам халқы бар елді мекендердегі көпбейінді ауруханалардың жанындағы 80 травматологиялық пункт шұғыл травматологиялық көмек көрсетеді.

150 мыңнан аз халқы бар елді мекендерде аудандық (166), қалалық (75) ауруханалардың қабылдау бөлмелерінде шұғыл травматологиялық көмек көрсетіледі.

Жаңа жылдық мерекелерде ел халқына жедел медициналық көмек көрсету үшін бір ауысымда 1 503 ЖМК бригадасы, оның ішінде 273 бригада мамандандырылған (дәрігерлік) және 1 230 фельдшерлік бригада жұмыс істейді.

МСАК ұйымдарында 4 санаттағы шақыртуларға қызмет көрсету үшін 464 бригада жұмыс істейтін болады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға