Жаңалықтар

Жаңа жыл қарсаңындағы наным-сенімдер

Жаңа жыл қарсаңындағы наным-сенімдер
Фото: © Freepik.com 31.12.2024 10:14 852

Жаңа жыл дәмді тамақ жеп, тәтті сусын ішіп, жүрекжарды тілек алмасатын мереке ғана емес. Бұл мейрамның мән-маңызы зор. "Жаңа жыл - жаңа өмірдің бастауы" десек болады.

Кейде адамдар түрлі наным-сенімдерге сүйеніп өмір сүреді. Әсіресе жаңа жыл қарсаңында алдағы жылды болжауға ерекше көңіл бөлетіндей. Кейде тіпті тағдырдың өзі белгі беретіндей. Оны біреуі байқаса, енді бірі елемеуі мүмкін. Сол себепті Жаңа жыл қарсаңында айналаға зер салып, ештеңені елеусіз қалдырмаған жөн.

Ендігі ретте ырым-нанымдардың ең танымалдарына тоқталып өтелік.

Тазалық пен тәртіп

*Жаңа жылға дейін қарыз қайтарып, өкпе-ренішті кешірген дұрыс. Келер жылға негативті энергияны арқаламау үшін барлық істі аяқтап, «карманы» тазалау керек.

*Жаңа жыл түні жаңа әрі әдемі киім-кешек киген жөн. Бұл өміріңізде жарқын оқиғалардың көп болуына септігін тигізеді.

Молшылық пен байлықты шақыру

*Үйді мерекеге орай безендіру керек. Сол арқылы өміріңізге молшылық пен толағай табыс тартасыз.

* Қаржылық тұрақтылықты қаласаңыз, қалтанызға ақша салыңыз. Кейбіреулер Жаңа жыл түні қалтасына ақша салып қояды. "Бұл - байлық шақырудың белгісі" деп сенеді.

*Мереке түні ештеңе сындырмаңыз. Бұл материалдық шығындардан сақтайды.

*Дастарқаныңыз бос болмауы керек. Бос дастарқан - кедейліктің белгісі. Сол себепті тамақты молынан әзірлеп, мерекелік үстелді «жайнатып», ас-ауқатқа толтырған абзал.

Арман мен тілек

*Сағат тілі түнгі 12:00-ге келгенде тілек тілеңіз. Ол міндетті түрде орындалады. Сол сәтте болмаса да, бір жыл ішінде жақсылықтың болатыны хақ.

* Жаңа жылды көтеріңкі көңіл-күйде қарсы алыңыз.

*Сағат 12:00-де шам жағу, қағазға тілек жазып, оны өртеп, күлін сусынға араластырып ішетіндер де болады.

* Жаңа жылдық отшашу кезінде тілек айту әдеті бар.

Жақсы адамдардың ортасында болу

*Жаңа жылда алғашқы болып құшағыңызға алған адам бір жыл бойы жаныңыздан табылады.  

Жақсылық жасап жарысайық!

*Көшеде ит немесе мысық кезіксе, тамақтандырыңыз. Бұл өміріңізге жыл бойы жақсылық пен сәттілік әкеледі.

*Мерекелік дастарқаннан қалған тамақты тастамаңыз. Артығы қалса, жануарларға беріңіз. Осылайша, жақсылық жасаудың алғашқы қадамдарын бастаңыз.

Түстердің символикасы

*Киімнің түсі. Жаңа жылда қызыл немесе алтын түсті киім кию сәттілік пен қуаныш әкеледі деп саналады.

*Үстеліңізге ақ түсті дастарқан жаюды ұмытпаңыз. Бұл әрекет тазалық пен жаңа оқиғаларға ашық болуды айғақтайды.

Тыйымдар

*Жаңа жыл қарсаңында қоқыс шығармаңыз. Осылайша «лас істерден» сақ боласыз.

*Артық заттардан арылыңыз. Итальяндықтар сияқты ескі заттарды өртеп, жаңа өмірге жол ашыңыз.

*Ұрыспау. Туыстармен немесе жақындармен жанжалдасудан аулақ болу керек. Ұрыс-керіс жамандық шақырады деп есептеледі.

Жаңа жылдағы бірінші әрекет

*Кейбіреулер Жаңа жылдың алғашқы минуттарында ақша санау немесе жағымды іс жасау керек деп ойлайды. Себебі "бұл - болашақтың сәтті бастамасы" деп есептеледі.

Шашу мен отшашу

*Отшашулар мен шамдар – теріс күштерді қорқытып, жылға жарық пен қуаныш әкеледі деп саналады.

 

Ал сіз осы секілді ырымдарға сенесіз бе?

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға