Жаңалықтар

Жаңа жыл қарсаңында жедел жәрдем қызметіне 27 мыңға жуық шақырту түсті

Жаңа жыл қарсаңында жедел жәрдем қызметіне 27 мыңға жуық шақырту түсті
Фото: Денсаулық сақтау министрлігі 01.01.2025 21:40 492

Өткен жылдың желтоқсан айының соңғы тәулігінде еліміз бойынша жедел медициналық жәрдем пультіне тұрғындардан 27 мыңға жуық шақырту келіп түскен. Оның ішінде 17 мыңнан астам шақырту жеделділіктің 1- 3 санатына тиесілі, ал қалғаны 4-санат бойынша жедел жәрдем бригадалары шақыртуға шыққан, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. 

Ең көп шақырту Алматы облысында тіркелді – 3073, одан кейін Алматыда – 2800, Түркістанда – 2358 және Астанада жылдың соңғы күнінде жедел жәрдем қызметіне 1942 шақырт түскен.   

Денсаулық сақтау министрігі былтыр 11 айда Қазақстандағы жедел медициналық жәрдем бригадалары 7, 7 млн-нан астам шақыртуға қызмет көрсеткенін атап өтті. Оның ішінде 1-3 санат бойынша 4,9 млн шақыртуға және 4-санаттағы 2,8 млн  шақыртуға емханалардың жанындағы бригадалар қызмет көрсетті.   

Қазіргі уақытта ел бойынша жедел медициналық жәрдем қызметін 20 дербес станция, 98 қалалық кіші станция және 232 аудандық бөлімше ұсынады.

Облыстық және қалалық жедел жәрдем станцияларында бір ауысымда 1 491 көшпелі бригада қызмет көрсетеді, МСАК ұйымдарының (емхана) жанындағы жеделділіктің 4-санатындағы шақыртуларға қызмет көрсету үшін 446 бригада жұмыс істейді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға