Жаңалықтар

Жаңа жыл кешінде көретін 5 фильм

Жаңа жыл кешінде көретін 5 фильм
Фото: © Pixabay.com 29.12.2023 18:14 4913

Жаңа жыл кешінде  көретін фильмдердің көшін голливудтық «Үйде жалғыз қалғанда» («Один дома») комедия жанрындағы фильмі бастайтыны анық. Одан жалықсаңыз, біздің тізімдегі фильмдерді назарыңызға алыңыз.

 «Рождество оқиғасы», 2009

Режиссер Роберт Земекис түсірген «Рождество оқиғасы» атты мультфильм Чарльз Диккенстің «Рождество әні» повесінің желісімен түсірілген. «Рождество оқиғасы» мультфильмінің сюжеті басты кейіпкердің фантастикалық тарихына құрылған. Бір кездердегі бала романтикалық жасөспірімге айналып, ғашық болған ересек адаммен аяқталады. Көркемтуындының шарықтау шегі Рождествоның үш бірдей рухының келуі. Олар басты кейіпкерге қазіргі жағдайын өзгертпесе, болашақта не болатынын айтады. Фильм көптің көңілінен шыққан.

Поляр экспрессі, 2004

Мультфильм достарының мазағына қарамай Аяз Атаның бар екендігіне сенетін бала жайлы. Рождество қарсаңында бір сиқырлы пойыз баланың үйінің жанына келіп тоқтайды. Бұл пойыз баланы және достарын Солтүстік Полюске Санта Клаусқа қонаққа апарады. Бірақ, оған жету оңай емес. Алдарынан шыққан түрлі кедергілерден өті, көздеген жерлеріне жетуі керек. Шытырманға толы жаңа жылдық фильм барлық көрерменнің назарын аудартатыны сөзсіз.

Фред Клаус, Сантаның ағасы, 2007

Фэнтези жанрындағы фильмде Аяз Атаның ағасы туралы баяндалады. Дэвид Добкин режиссерлігіндегі кинотуындының басты кейіпкері Фред Клаус Рождествоға сенімін жоғалтқан адам. Желтоқсанда Фред бұғы шанамен  Солтүстік полюске ұшып келгенде жаңа жылдық сыйлықтарды таратын Санта Никтің проблемаға тап болғанын біледі. Оқиға осылай өрбиді. Жаңа жыл кешіне арналған фильм көптің көңілінен шыққан.

Төрт Рождество, 2008

Фильмдегі басты кейіпкерлер Кейт пен Брэд бірнеше жылдан бері кездесіп жүрген бақытты жұп. Бірақ, олар отбасын құрып, бала тууға түбегейлі қарсы. Себебі, екеуі де толық емес отбасыдан шыққан. Сонымен, алдағы Рождество мерекесін тойлау үшін ол екеуі күнге қыздырынып, дайвингпен айналысу үшін Фиджиге баруды ұйғарады. Дегенмен, ауа райына байланысты ұша алмай қалады. Көкремтуынды сценарийінің ойнақылығымен көрерменді баулап алады.

Крампус, 2015

Фильмде Том  (Адам Скотт) мен Сараның (Тони Коллетт) үлкен отбасы Рождество мерекесін  қарсы алу үшін бас қосады. Дегенмен олардың қарым-қатынасы жақсы болмағандықтан,  бірге атап өтуді онша ұната қоймайды. Кешкі ас алдында үйде кенеттен жарық пен жылу өшіп,  таңқаларлық  жағдайлар бола бастайды. Отбасы мүшелерінің бір-бірімен жанжалдасқаннан мейірімді Санта-Клаустың орнына бұл үйге зұлым Крампус келген. Енді олар жазалауға келген Крампустан айла тауып құтылулары керек.  Фильм қалың көпшілікке арналған.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға