Жаңалықтар

Жаңа ұсыныс. Жүргізуші куәлігі екі жыл сынақ тапсырғаннан кейін берілмек

Жаңа ұсыныс. Жүргізуші куәлігі екі жыл сынақ тапсырғаннан кейін берілмек
Фото: El.kz 05.04.2023 19:03 1676

Қазақстанның Ішкі істер министрлігі елде екі жылдай сынақ мерзімімен жүріп, кейін емтихан тапсыру арқылы жүргізуші куәлігін беру тәжірибесін талқылап жатыр, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Бұл тәжірибе Финляндияда қолданыста. Онда жүргізуші куәлігі екі жылдық сынақ мерзімінен және бірқатар емтихандардан өткеннен кейін беріледі.

Осы мәселені министрлікте "Қазавтожол", Жол қозғалысы қауіпсіздігі ғылыми-зерттеу институты мен "Атамекен" бизнес палатасы өкілдері талқылады.

Еліміз жол көлік ережесін сақтау бойынша басқалардан қалып келеді. Оған дәлел мысалы, Жезқазған қаласының өзінде әлемдік орташа көрсеткіштен 2,6 есе жылдамдықты шектен асырған. Ал белдіксіз көлік жүргізу жағдайлары 8,5 пайызға көп.

"Қазавтожол" Қазақстандағы мектептерге арналған Star Rating халықаралық мектеп жобасын енгізуді ұсынды. Жобаның мақсаты мұғалімдер мен оқушылардың белсенді қатысуымен мектептердің жанында қауіпсіз қозғалыс жүйесін құруды көздейді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға