Жаңалықтар

«Жаңа уақыт белдеуінің зияны жоқ». Ғалым Әмір Қуат петиция нәтижесі туралы айтты

«Жаңа уақыт белдеуінің зияны жоқ». Ғалым Әмір Қуат петиция нәтижесі туралы айтты
Фото: instagram.com/kuat_amir 02.08.2024 17:00 685

Астанада бұрын қолданыста болған уақыт белдеуін қайтаруды талап еткен петицияны талқылау нәтижесі шықты. Талқылау барысында 50 мың дауыс жинаған петиция авторлары екі негізгі себепті атап көрсетті. Онда халықтың денсаулығына әсер ететін циркадтық ырғақтардың бұзылуы және кешкі уақыттың артық сағатына байланысты жеке және заңды тұлғалар үшін электр энергиясына қосымша шығындар туралы айтылды. Дегенмен, петицияда көрсетілген дәлелдер расталмағандықтан жұмыс тобы петицияны қанағаттандырудан бас тарту туралы алдын ала шешім қабылдады. Осы орайда бірыңғай уақыт белдеуіне байланысты зерттеу жүргізіп жүрген биотехнолог-ғалым Әмір Қуатпен сөйлесіп, көпшіліктің сұрағына жауап алдық.

El.kz: Қазақстандықтар бұрынғы уақыт белдеуіне ауысуды талап етіп, петицияға қол жинады. Қазір сол петицияны талқылау процесі болып жатыр. Министрліктер бұрынғы уақыт белдеуіне ауыспайтынымызды мәлімдеп отыр. Ғалым ретінде бұрынғы уақыт белдеуі мен қазіргі уақыттың артықшылығы мен кемшігілін түсіндіріп берсеңіз.

Әмір Қуат: Ең бастысы - денсаулық. Табиғи уақытта (географиялық мекен-жайға байланысты уақыт) тұру декреттік уақытқа қарағанда ағзаға зиян келтірмейді. Дүниежүзінде 128 456 ғылыми жұмыс жобаларының біреуінде де ол туралы айтылмаған. Ал десинхронозға әкеліп соқтыратын декреттік уақыт, daylight saving time белдеуін қолданғанда зияны бар деген жұмыстар өте көп. Екіншіден – оқушылардың үлгерімі, мысалы, көптеген ғылыми жұмыстардың ішінде, егер сабақ уақыты күннің атысынан ерте басталса - UTC+6 болғандай (демек түн ұйқысының ұзақтылығы, немесе ұйқының сапасы нашар болса) оқушылардың ойлау қабілеті, материалды сіңіру қабілеті төмендейді деген ақпарат көп.

Мысалға, UTC+6 кезінде күннің атысы 2 және 3 тоқсан болғанда солай болатын. 2 мен 3 тоқсанның маңыздылығы неде?

Әрине әр тоқсан өзінше маңызды. Бірақ бірінші тоқсанда былтыр өткен материалды көбінесе қайталаса, 2, 3 тоқсанда биылғы материалды оқи бастайды, ал 4 тоқсанда бір жартысы негізгі материалды оқу, екінші жартысы БЖБ мен ТЖБ. Демек ең маңызды уақыт кезінде біздің балаларымыз алғашқы сабақтарда ұйқысы келіп, дұрыс оқи алмағандығын білдірмей ме? Осы жүйемен шамамен 100 жыл бойына процесс жүрген.

Назар аудара кетейін 2-3 тоқсандарда бірінші, екінші сабақта көбінесе математика, химия, физика тағы басқа нақты ғылымдар оқытылады.

«Жаңа уақыт белдеуінің зияны жоқ». Ғалым Әмір Қуат петиция нәтижесі туралы айтты

 

«Жаңа уақыт белдеуінің зияны жоқ». Ғалым Әмір Қуат петиция нәтижесі туралы айтты

 

«Жаңа уақыт белдеуінің зияны жоқ». Ғалым Әмір Қуат петиция нәтижесі туралы айтты

 

«Жаңа уақыт белдеуінің зияны жоқ». Ғалым Әмір Қуат петиция нәтижесі туралы айтты

El.kz: Халық неге бұрынғы уақытқа ауысқысы келеді? Тұрғындар неліктен 1 ғана сағат айырмашылығын қабылдай алмай жатыр?

Әмір Қуат: Ата-бабалырымыздың «Ауру кетсе де, әдет кетпейді деген» сөзі бар. Мысалы, бүгін петицияны қолдайтын жұмыс тобына кіретін адамдар сөз сөйлегенде байқағаным – аргументтердің барлығы әдет жағынан қарастырылған: ыңғайсыз, әдеттегідей емес, маған ұнамайды деген ұстанымдар көп айтылуда. Тіпті кейбір азаматтар "Бір сағат ауыстырғаннан күн мен түннің орны ауысып кетті" дейді. Бұл сөздердің тым әсірілеу екені айтпаса да түсінікті.

El.kz: Жаңа уақыт белдеуінің тиімді екенін айтып жатқандар да жетерлік. Бұл уақытқа үйрену процесі қалай жүріп жатыр? Адаптацияны қалай өткеріп жатыр деп ойлайсыз?

Әмір Қуат: Адаптация дегенде, осы сөзді нақтылап алайықшы. Адаптация (лат. adaptatio — бейімделу) — жануарлар организмдерінің, олардың мүшелер жүйелерінің құрылысы мен қызметі жағынан белгілі бір тіршілік ортасына бейімделу процесі. Адамның ағзасы мен ағзадағы циркадтық ритмдердің адаптациясы бір-екі күнде бейімделеді. Ал адамның өзінің әдеттерін жаңа уақытқа сай қайта қарастыруы өзіне байланысты. «Қазаншының еркі бар, қайдан құлақ шығарса» дегендей, адамның қалауы мен ниеті болса бір күнде бейімделеді.

El.kz: Уақыт белдеуі жаңарғаннан бері медициналық ұйымдарға жүгінетін қазақстандықтар саны артқан жоқ дейді. Бірақ қарапайым тұрғындар ұйқыдан қағылып, гормондарында дисбаланс болғанын айтады. Оларға қандай кеңес бересіздер?

Әмір Қуат: Петиция авторлары да гормондардың өзгеріске ұшырағанын жиі айтады. Біріншіден, олар мұндай өзгерістің болғанын қалай білді? "Адамдардың денсаулығына зиян келтірді" дейді, бірақ өздерінде нақты дәлел жоқ. Ал жаңа уақыт белдеуінің денсаулыққа зияны жоқ деген ғалымдардың ғылыми зерттеулерге негізделген дәлелдерін қабылдағысы келмейді. Олардың ешқандай дәлелсіз қарсылық білдіргеніне таңым бар. Өз отбасымда ұйқыға қалай дайындалатынымызды мысал ретінде айтып берейін. Ұйықтардан бір-екі сағат бұрын жылы спектрлы (өте маңызды) жарық шашатын шам қолданамыз. Екіншіден, бір шамның жарықтандыру қуаттылығы 500 люкстен аспауы тиіс. Егер бірнеше шам болса, олардың барлығының жарықтандыру қуаттылығы 500 люкстен аспауы тиіс.

El.kz: Осы уақыт белдеуінің жақсы жақтарын қашан байқай бастаймыз? Қай мезгілде тиімді бола түседі?

Әмір Қуат: Жаңа уақыт белдеуіне ауысу туралы зерттеу тобында жүргендіктен көпшілік маған алғысын айтып жатады. Уақыт ауысқан бірінші күннен бастап тиімді жақтарын байқағанын айтады. Әлеуметтік желіде «ұйқымыз қанып жүр» деген пікірлер де көп жазылады. «Алма піс, ауызыма түс» демей жаңа уақытқа сай әдеттерді қайта қарастыру керек деп айтар едім.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға