Жаңалықтар

Жаңа тұрғын үй бағдарламасы: 7%-бен жеңілдетілген қарыз беріледі

Жаңа тұрғын үй бағдарламасы: 7%-бен жеңілдетілген қарыз беріледі
Фото: ©El.kz/Ербол БЕКБОЛАТ/OpenAI 02.04.2024 12:01 891

Қазақстанда 651 933 адам тұрғын үйге мұқтаж ретінде кезекте тұр. Осыған байланысты ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінде жаңа ипотекалық бағдарлама таныстырылды, деп хабарлайды  El.kz  ақпарат агенттігі. 

Жаңа бағдарламаға жұмыс істейтін жастар, жас отбасылар, тұрғын үй төлемдерін алушылар, банк салымшылары, моноқалалардың, аудан орталықтары мен ауылдық елді мекендердің тұрғындары, оның ішінде жинақтауға қойылатын талаптарсыз тұрғын үйге кезекте тұрғандар қатыса алады.

Тұрғын үйге мұқтаж халықты ипотекалық бағдарламалармен қамтуды арттыру мақсатында Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі купондық сыйақыны субсидиялау тетігі есебінен жаңа ипотекалық бағдарлама құруды ұсынады. Жаңа бағдарламаны іске асыру - қатысуға өтінімдерді қабылдау, қатысушыларды саралау және іріктеу, жаңа бағдарлама бойынша бастапқы тұрғын үйді таңдау және броньдау «Отбасы банкі» АҚ-ның өз бағдарламасына ұқсас жүзеге асыру ұсынылады. Министрлікте жаңа тұрғын үй бағдарламасының қандай тетігі қарастырылуда? - деді Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті төрағасының орынбасары Қанат Мыңбаев.

Ұсынылып отырған тетікке сәйкес, «Отбасы банкі» қаржы нарығында жыл сайын 8 жыл ішінде жалпы құны 1,7 трлн болатын облигациялық қарыздар шығарады. Базалық деңгейде табыс мөлшерлемесі бойынша бірінші жылы 300 млрд теңге, кейінгі жылдары 200 млрд теңгеден 8 жыл мерзімге шығару жоспарланған. Облигацияларды сатып алушылар – нарық қатысушылары ЕДБ. 

Бағдарламаның алғышарттары:

- салымның ең төменгі құны - 1 000 000 теңгеден кем емес;

- соңғы 5 жылда жылжымайтын мүлік және жылжымайтын мүлік операциялары болмаған;

- ресми табыстың болуы (жұмыспен қамтудың белсенді шараларына қатысатындарды қоса алғанда);

2024 жылдың 1 мамырында «Отбасы банк» АҚ-мен бірлесіп құны 300 млрд теңге болатын нарықтық қаражатты тарта отырып, жаңа жеңілдікті бағдарламаны іске қосу жоспарланған. Ауданы 1 млн шаршы метрге дейінгі бастапқы тұрғын үй сатып алуға әлеуметтік осал азаматтар үшін жылдық 7% мөлшерлеме бойынша 12 мың жеңілдетілген қарыз беру көзделіп отыр.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға