Жаңа оқу жылында 1 млн 400 мың бастауыш сынып оқушысы тегін тамақтанады
Фото: ©El.kz/Артем ЧУРСИНОВ
Фото: ©El.kz/Артем ЧУРСИНОВ
15.08.2023 10:50
1219
1 қыркүйектен бастап 1 млн 400 мың бастауыш сынып оқушысы тегін тамақтанады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Бұл туралы оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев Үкімет отырысында мәлімдеді.
Асханасы жоқ мектептерде (669 мектеп) ҚР Денсаулық сақтау министрлігімен бірлесіп тамақтандыру үш тәсілмен ұйымдастырылатын болады: кейтеринг қызметін ұйымдастыру, модульді асханаларды құру, буфеттік тамақтану, - деді министр.
Сонымен қатар 1 қыркүйектен бастап балабақшаға баратын аз қамтылған отбасылардан шыққан 97 мыңнан астам бала тегін тамақпен қамтамасыз етілетінін атап өтті.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Келесі жаңалық
Қонаевта мұз үстінде сырғанап жүрген екі бала құтқарылды