"Жаңа келінге барлығы жаңа". Гүлзира Айдарбекова тойға дайындалып жатыр
Фото: instagram.com/zangaar
Фото: instagram.com/zangaar
04.10.2023 15:00
2231
Гүлзира Айдарбекова кенже ұлы Заңғардың тойына дайындық басталғанын жазды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Жақында кіші ұлы Заңғардың "тәтті шайын" өткізген болатын. Болашақ құдаларымен танысқан продюсер келін түсіруге дайындық бастап кеткен.
"Жаңа келінге барлығын жаңадан алдық. Дайындалып жатырмыз. Қара қазан алдым. Жалпы үйдегі қазанды біреуге беруге, тастап кетуге болмайды. Жіңішке ғана келінге орташа оқтау алдық. Тойдың болатынынан боладысы қызық. Дайындық басталды", - деп жазды Гүлзира Айдарбекова Instagram парақшасында.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Неміс мамандары қазақ фермерлеріне сүт өндіруді үйретеді
Келесі жаңалық
Ұлттық ұлан әскері жас сарбаздармен толықты