Жаңалықтар

Жаңа ереже: Енді тұрғын үй құрылысына рұқсат алу қиындайды

Жаңа ереже: Енді тұрғын үй құрылысына рұқсат алу қиындайды
Фото: ©El.kz/Арман МҰХАТОВ 30.11.2023 13:49 934

Қазақстанда мектеп, балабақша мен аурухананы салып алмай, көпқабатты тұрғын үйлердің құрылысына рұқсат берілмейді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Мәжілісте депутаттар "Кейбір заңнамалық актілерге білім беру және тәлімгерлік мәселелері бойынша өзгерістер енгізу туралы" заң жобасын қабылдады.

Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің төрағасы Асхат Аймағамбетовтің айтуынша, заң жобасында үш негізгі бағыт бойынша нормалар қарастырылған. Бірінші бағыт – балалардың қауіпсіздігіне және құқықтарын қорғауға қатысты нормалар.

Соңғы кезде мектеп ғимараттарының төбесінің құлауы сияқты фактілер жиілеп кетті. Сондықтан осындай біраз жыл бойы жұмыс істеп тұрған ғимараттарды әр 5 жыл сайын тексеріп тұру өте маңызды деп санаймыз. Заң жобасында 30 жылдан көп пайдаланып келе жатқан мектеп, балабақша мен колледждердің ғимараттарын әр 5 жыл сайын апаттылық қаупі бойынша тексеру туралы норма ұсынылды, - деді Аймағамбетов мәжілістің жалпы отырысында.

Сондай-ақ  депутаттар кішкентай балалардың терезеден жиі құлауына байланысты мәселені көтеріп, заң жобасымен терезелерді арнайы қауіпсіздік механизмдерімен немесе құлыптарымен қамтамасыз ету міндеттелетін болды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға