Жаңалықтар

Жаңа депутаттардың келуімен еліміз жаңа даму жолына түсетіні анық

Жаңа депутаттардың келуімен еліміз жаңа даму жолына түсетіні анық
Фото: Уайс Ерсайынұлының жеке мұрағатынан 14.01.2023 13:24 2297

Бүгін Қазақстан Республикасы Парламент Сенаты депутаттарының сайлауы өтіп жатыр. Мәслихат депутаттарының дауыс беру нәтижесінде елімізге 55 үміткерден 20-сы депутаттыққа сайланатын болады. Оған қатысты дауыс берушілердің бірі Ақтау қалалық мәслихатының депутаты Уайс Ерсайынұлы пікірін білдірді, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
Уайс Ерсайынұлы алдымен еліміздегі депутаттар сайлауын өткізудің маңызына тоқталды.


«Мемлекетіміз үшін Жаңа Қазақстанды құрудағы депутаттар сайлауын өткізу өте маңызды деп ойлаймын. Қандай депутат болса да, елімізге жаңа леп әкелетіні сөзсіз. Осы орайда Сенат депутаттары әрбір өңір, аймақтың мәселелерін шеше білуі тиіс. Сондықтан білікті, білімді тәжірибелі депуттар сайланғаны дұрыс деп есептеймін», – деді ол.


Ақтау қалалық мәслихатының депутаты сайлауда өзінің дауысын берді.


«Маңғыстау облыстық сайлау комиссиясына келіп, депутатқа өз дауысымды бердім. Біздің облыс бойынша 3 депутат кандидат ретінде ұсынылды. Оларға 127 мәслихат депутатының 119-ы дауысын берді. Нәтижесінде Бекбол Тілеумұратұлы Орынбасар ең көп дауысқа ие болды», – деді Уайс Ерсайынұлы.


Сондай-ақ ол елімізде сайланатын депутаттар халқымызға оң әсерін тигізеді деп күтеді.


«Жаңа депутаттардың келуімен еліміз жаңа даму жолына түсетіні анық. Себебі бұрынғы депуттаттар, мәслихат хатшылары, әкімдер мен оның орынбасарлары ретінде осыған дейін кәсіпкерлер, танымал тұлғалар сайланып келді. Енді осы ретте халықтың қамын жеген, еңбекқор азаматтар келуі тиіс деген ойдамын», – деді депутат.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға