Жаңалықтар

Жаңа бағдарлама бойынша баспана бағасы қымбаттауы мүмкін бе?

Жаңа бағдарлама бойынша баспана бағасы қымбаттауы мүмкін бе?
Фото: ©El.kz/Ербол БЕКБОЛАТ/OpenAI 13.05.2024 12:29 690

Бағдарламаға қатысушы пәтерді баспана маркет порталынан таңдап, броньдай алады (otbasybank.kz). Бұл қызмет жаңа тұрғын үй бағдарламасының басталуы аясында тұрғын үй бағасының жасанды өсуіне жол бермеуге арналған, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

«Отбасы банк» АҚ басқарушы директоры орталық филиал директоры Жансұлтан Матайдың сөзінше, осы бағдарлама аясында сатылатын барлық пәтер «Отбасы банк» мамандарының елегінен өтеді. Яғни келісіледі.

«Отау», «Наурыз» бағдарламалары арқылы сатамын деген құрылыс компаниялары пәтерлердің бағасын бізге жібереді. Біздің мамандар оның бүгінгі таңда орташа нарықтық бағасына сәйкестігін тексереді. Ал келісілген жағдайда пәтерлер порталға енгізіледі. Енгізген соң құрылыс компаниясы жыл соңына дейін сол бағаны өсірмеуге міндеттеме алады. Осы арқылы нарықтағы бағаның негізсіз өсуіне жол бермеу үшін осы механизмді қолданып отырмыз, – деді ол.

Бұдан өзге жыл сайын елімізде 360 мыңға жуық сатып алу бойынша мәміле жасалатынын айтты. Шағын пайыз бағаның ауытқуына немесе өсіп кетуіне әсер етпейтінін тілге тиек етті.

Бүгінгі таңда түскен өтінімдердің ішінде 62 пайызы 35 жасқа дейінгі жастар болып отыр. Бұл жерде басты мәселе ҚР тұрып, соңғы 5 жылда атында үй жоқ, жас мамандар, жас отбасылар, соларға басымдық беру. Әрине, отбасылы болған адамдардың бұл бағдарламадан өтіп кету ықтималдығы жоғары. Себебі ұпайды есептеген кезде балаларының болуына байланысты оларға 10 ұпай беріледі. Ал неке болған жағдайда 5 ұпай алады. Некеге тұрмаған жастарға бұл бағдарлама жақсы мүмкіндік. Өйткені бағдарлама 8 жылға арналған. Биыл өтпеген жағдайда, келесі жылы өтуге болады. Қалай болғанда да отбасылық құндылықтарды дәріптеп, соған адамдарды үгіттеп жүрген банк ретінде осы ұстанымдарды ұстанамыз. Некесі, баласы бар отбасыларға басымдық көп, – деді Жансұлтан Матай. 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға