Жәмилә Бақбергенова Азия чемпионатының төрт дүркін чемпионы атанды

Жәмилә Бақбергенова Иордания астанасында өтіп жатқан әйелдер күресінен Азия чемпионатының жеңімпазы атанды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Қазақстан балуаны финалды қытайлық қарсыласы Юйци Люге еш мүмкіндік бермей, 4 дүркін құрлық үздігі екенін дәлелдеді. Ол мұндай жетістікке жеткен 3-ші қазақ палуаны болып отыр. Сондай-ақ оның еншісінде тағы бір күміс пен 1 қола бар.
Бақбергенова жартылай финалда әлем чемпионы, жапониялыұ Масако Фуруичиді 3:2 есебімен ұтып, сенімді түрде финалға шықты. Ал финалдағы қарсыласы Юйци осыған дейін жасөспірімдер мен жастар арасындағы сары құрлық додасында күміс, қола медаль жеңіп алған.
Амманда әйелдер күресінен Азия чемпионаты бүгін аяқталы. Бас бапкер Қайрат Сағадиев баптайтын команда 1 алтын, 1 қола медальға қол жеткізді. Ұлттық құрама балуандары арасында 53 келіде Зейнеп Баянова үшінші орынға тұрақтады.
2024 жылы сәуір айында Бішкекте өткен сары құрлық чемпионатында Қайрат Сағадиев баптайтын команда 4 қола жүлде иеленген еді.
