Жаңалықтар

Жамбылдағы Президент резиденциясында балалар лагері ашылады

Жамбылдағы Президент резиденциясында балалар лагері ашылады
Фото: © Pixabay.com 25.05.2023 14:44 1270

Резиденцияны қайта жабдықтау үшін жергілікті бюджеттен 600 млн теңгеден астам қаржы бөлінді. Бұл туралы Жамбыл облысының әкімі Нұржан Нұржігітов айтты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, Жамбыл облысындағы Президент Резиденциясы білім басқармасының меншігіне берілді. Мемлекеттік орган құрылды. Біздің жоспарымыз бойынша, онда жыл бойы 50 баланы қабылдайтын лагерь болады. Барлық ғимараттар бар, біз сыныптарды қайта жабдықтау үшін жиһаз сатып аламыз. Осы лагерьді жұмысына бюджеттен 600 млн теңгеден астам қаражат бөлінді және штаттар құрылады. Жөндеу жұмыстары жақын арада басталады, Мемлекеттік сатып алу рәсімі өтуде, - деді аймақ басшысы.

Нұржігітовтың айтуынша, жалақы мен тамақтануды қаржыландыру мәселелері шешілген. Шағын құрылыс жұмыстары аяқталғаннан кейін лагерь балаларды қабылдауға дайын болады.

Біз жазда 15 күнге 50 баланы қабылдауды жоспарлап отырмыз, ал қыста оны бір айға дейін ұзартамыз. Біз қазір барлық сыныпты балаларға инклюзивті білім беру бойынша сабақ бере алатындай етіп жабдықтаймыз, - дейді ол.

Айта кетейік, Жамбыл облысындағы Президенттің Резиденциясы балалардың қажеттіліктеріне берілетіні туралы ақпан айында белгілі болды. Ол Тараздан 15 шақырым жерде орналасқан.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға