Жамбылда жолаушылар автобусы өртеніп кетті

Фото: Төтенше жағдайлар министрлігі
Фото: Төтенше жағдайлар министрлігі
26.03.2024 20:42
835
Жамбыл облысында қоғамдық көлік өртенді. Оқиға бүгін кешкі уақытта болған, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Төтеншеліктерге жолаушылар автобусының өртенгендігі туралы хабарлама келіп түскен. Шақырту орнына департаменттің күштері мен құралдары жеке құрамынан 16 адам, 4 техника жедел жеткен. Өрт 18:00-де оқшауланып, 18:06-да сөндірілген.
Зардап шеккендер жоқ. Өрттің шығу себебі анықталуда, - делінген ТЖМ мәліметінде.
Бөлісу:

Келесі жаңалық
Қостанай облысында 100-ге жуық адам құтқарылды