Жаңалықтар

Жамбылда алименттен жалтарып жүрген әкелерден 300 млн теңге өндірілді

Жамбылда алименттен жалтарып жүрген әкелерден 300 млн теңге өндірілді
Фото: © El.kz 15.02.2024 03:30 609

Жамбыл облысының прокурорлары алимент төлемей жүрген әкелерден 300 млн теңге өндірді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Облыстағы жеке сот орындаушыларында былтыр 27 548 баланың мүддесі үшін қарызы 1 млрд теңгені құрайтын алимент өндіру туралы 19 589 атқарушылық құжат орындауда болды. Прокурорлық шаралармен 12 832 кәмелетке толмағандарды асырауға арналған 300 млн теңгеден астам қарыз өтелген.

Облыс прокуратурасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 669-бабы негізінде алимент бойынша 76 борышкерді әкімшілік жауаптылыққа тартты. Олардың берешек сомасы 25 миллион теңгеден астам. Яғни, 56 адамға әкімшілік қамауға алу (алимент бойынша қарыз 17 млн теңге), ал 20-ға әкімшілік айыппұл (8 млн теңге қарыз) шарасы қолданылды.

Облыстық прокуратураның мәліметінше, Қылмыстық кодекстің 139-бабына сәйкес 10 сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. 3 борышкерге қатысты сот үкімі шығарылды. 6 тараптардың татуласуына және қарызды өтеуге байланысты іс тоқтатылды, 2 сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде, 2 сотқа жіберілді.

Прокуратураның көмегімен 68 борышкер жұмысқа орналастырылды.

Оқи отырыңыз: 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға