Жаңалықтар

Жамбылда 12 млн теңге жымқырған балабақша басшысы сотталды

Жамбылда 12 млн теңге жымқырған балабақша басшысы сотталды
Фото: Жамбыл облысының прокуратурасы 27.06.2024 10:17 611

Тараз прокуратурасы «РозАль» орталығы» жеке балабақшасының басшысы мектепке дейінгі ұйымдарды жан басына шаққандағы қаржыландыру аясында бөлінген 12 млн теңгеге жуық бюджет қаражатын жымқырғанын анықтады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Балабақша басшысы іс жүзінде тәрбиеленбеген балалар үшін бюджет қаражаттарын алған.

Алаяқтық фактісі бойынша қала прокуратурасымен қылмыстық іс тіркеліп, оны тергелуі Жамбыл облысының Экономикалық тергеп-тексеру департаментіне тапсырылды.

Тараз қаласының №2 сотының 14.06.2024 жылғы үкімімен балабақша басшысы тәрбие/оқыту қызметін көрсететін кез келген меншік нысанындағы ұйымдар мен мекемелерде қаржымен байланысты материалдық жауапты лауазымдарды атқару құқығынан 3 жылға айыра отырып,  4 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасына сотталды.

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға