Жаңалықтар

Жамбыл облысының ТЖ департаментіне жаңа техника кілттері табысталды

Жамбыл облысының ТЖ департаментіне жаңа техника кілттері табысталды
Фото: Жамбыл облыстық ТЖД 19.10.2024 19:28 490

Бүгін Тараз қаласының орталық алаңында Жамбыл облысының құтқарушыларына жаңа автокөліктердің кілттерін табыс ету рәсімі өтті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Шараға Төтенше жағдайлар вице-министрі, генерал-майор Ерлан Нұрпейісов, Жамбыл облысы әкімінің орынбасары Мәдібек Қанатбек, олыстық ТЖД басшылығы мен жеке құрамы қатысты.

Министр орынбасары Ерлан Нұрпейісов облыс әкімдігіне қолдау көрсеткені үшін алғыс айтып, республикалық бюджеттен техника жаңартуға қаржыландырудың тұрақты түрде бөлініп жатқанын және жергілікті деңгейде де бұл жұмыс жалғасатынын атап өтті. Ал облыс әкімінің орынбасары халық санының өсуі мен технологиялардың дамуына орай өрт сөндірушілер мен құтқарушыларды жаңа техника және жабдықтармен қамтамасыз етудің аса маңызды міндет екенін алға тарттыі. Ол бұл жұмыстың алдағы уақытта да жалғасатынын, құтқарушылардың халық игілігі үшін сапалы әрі үздіксіз қызмет көрсетуін қамтамасыз ету үшін қажетті шаралар атқарылатынын айтты.

Айта кетейік, биыл жергілікті бюджет шеңберінде Жамбыл облысының ТЖД-не жаңа техникалар мен түрлі құрал-жабдықтарды сатып алуға қаражат бөлінді.

Рәсім барысында жаңа автокөліктердің кілттері салтанатты түрде табыс етілді. Өрт сорғысы станциясы автокөлігінің кілтін ТЖД Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің бастығы, азаматтық қорғау подполковнигі Ильяс Капашевке табысталды. Ал жедел-құтқару жасағының бастығы Юрий Салагаевқа сүңгуірлік жабдықпен жабдықталған жоғары жүрісті автокөліктің кілті, ТЖД бастығы полковник Арман Токановқа Skoda Kodiaq жеңіл көлігінің кілті табыс етілді.

Жамбыл облысына жасаған жұмыс сапары барысында Төтенше жағдайлар вице-министрі Ерлан Нұрпейісов қызметтік міндеттерін атқару барысында қаза тапқан батыр-құтқарушылардың ескерткішіне гүл шоқтарын қойды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға