Жамбыл облысының шекарасынан жанар-жағармайды заңсыз алып өтпек болғандар ұсталды
Фото: ©Pixabay.com
Фото: ©Pixabay.com
23.10.2024 13:45
320
Жамбыл облысы бойынша Шекара қызметінің департаменті Мемлекеттік шекарада жанар-жағармай материалдарын заңсыз өткізудің 159 фактісінің жолын кесті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
ҰҚК мәліметінше, мұнай өнімдері қосымша орнатылған жанармай цистерналарын, қайта жабдықталған газ баллондарын және әртүрлі шаруашылық ыдыстарын пайдалана отырып автокөлікпен тасымалданған.
Жыл басынан бері осы учаскеде жанар-жағармай материалдарын тасымалдаудың 1 205 жағдайының алды алынды. Аталған фактілер бойынша материалдар тиісті шаралар қабылдануы үшін құзыретті органдарға берілді, - делінген мәліметте.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға