Жаңалықтар

Жамбыл облысының екі тұрғынынан 151 келі гашиш тәркіленді

Жамбыл облысының екі тұрғынынан 151 келі гашиш тәркіленді
Фото: © Polisia.kz 07.11.2023 01:08 947

Алматыға кіреберісте Жамбыл облысының екі тұрғынынан 151 келі гашиш тәркіленді. Бұл туралы Polisia.kz сайтына сілтеме жасай отырып El.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Алматыға есірткінің ірі партиясын әкелу әрекетін ПД есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасының қызметкерлері ЖҚАЖ, кинология қызметі және "Буран-278" патрульдік экипажындағы әріптестерінің көмегімен жолын кесті.

Райымбек даңғылы мен Әшімов көшесінің қиылысында Toyota Camry көлік тоқтатылды. Көлік ішінде Жамбыл облысы, Шу ауданының екі тұрғыны болды. Жоғарыда аталған автокөлікті тінту барысында әрқайсысының салмағы 24 келі болатын 7 қорап табылып, тәркіленді. Олардың ішінде ерекше иісті жасыл түсті ұнтақ заты бар полиэтилен байламдары болды. Сот-химиялық сараптамасының қорытындысына сәйкес, тәркіленген заттар жалпы салмағы 151 келі 328 грамм болатын гашиш есірткі екені расталды. Айыпталушылар қамауға алынды. Олар біздің жедел бөлімшелердің қызметкерлері бірнеше ай бойы әзірлеген есірткі тізбегінің буыны саналады. Естеріңізге сала кетейік, шілде айында 1982 жылы туған Т.есімді азамат ұсталған болатын, одан салмағы 54 келіден астам марихуана табылып, тәркіленді, ал қазан айында 1993 жылғы Г.есімді азамат ұсталды. Оны тінту кезінде 6 келі гашиш салынған байлам табылды, – деді Алматы қалалық полиция департаменті бастығының орынбасары Дидар Аханов.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға