Жаңалықтар

Жамбыл облысының әкімі су каналдарының жөндеу жұмысымен танысты

Аймақ басшысы Өтеміс, Сеңкібай каналдарына барды
Жамбыл облысының әкімі су каналдарының жөндеу жұмысымен танысты
Фото: gov.kz 26.03.2023 18:55 1280

Жамбыл облысының әкімі Нұржан Нұржігітов Байзақ және Жамбыл аудандарындағы су каналдарының жөндеу жұмыстарымен, вегетациялық кезеңге дайындығымен танысты, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі облыс әкімдігінің әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап. 

Аймақ басшысы алдымен Байзақ ауданы Бурыл ауылдық округінің кіреберісіндегі Өтеміс, Сеңкібай каналдарына барды.

Облыс әкімі каналдарды реттеу, қалған бөліктерін жөндеу жұмыстарын сапалы әрі жеделдетіп аяқтауды тапсырды. Жамбыл су қоймаларының басшысы Нарбай Ергебековке 1 сәуірден бастап ауданға су беру керектігін жеткізді.

Сонымен қатар, Нұржан Нұржігітов «Қазсушар» РМК Жамбыл облыстық филиалы мен шаруалар арасында су жеткізу бойынша өзара келісімнің болуы маңызды екенін атап өтті. Егер де, «Қазсушар» РМК су жеткізу бойынша қиындықтарды алдын ала ескеріп, келісімге тұрмаса, онда шаруалар өз алқабына ылғалды аса қажет етпейтін дақыл түрлерін еккені жөн. Аймақ басшысы бұл келісімнің вегетациялық кезеңде екі тарап арасында түсінбеушілік туындамас үшін қажеттігін жеткізді.

Бұдан соң облыс әкімі  Жамбыл ауданындағы Қуат, Қошан, Жамбыл, Мейірман, Раис каналдарының жөндеу жұмыстары мен Сұлукөл су қоймайсының жай-күйімен танысты.

Аймақ басшысы жауапты тұлғаларға жөндеу жұмыстарының сапасы мен уақытын және су қоймасының толтырылуын бақылауда ұстауды тапсырды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға