Жаңалықтар

Жамбыл облысының әкімі Мұхтар Шахановпен арнайы кездесті

Жамбыл облысының әкімі Мұхтар Шахановпен арнайы кездесті
Фото: Жамбыл облысының әкімдігі 22.04.2025 23:16 159

Қазақтың көрнекті ақыны, қоғам қайраткері, Қазақстанның Еңбек Ері Мұхтар Шаханов Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеевпен кездесті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Кездесу барысында ақын мен әкім әдебиет және руханият төңірегінде әңгіме өрбіген. Өңір басшысы Мұхтар Шахановтың қазақтың сөз өнерінде алар орны бөлек екенін тілге тиек етіп, оның поэзиясы – елдің еңсесін тіктеп, рухын асқақтатқан мәңгілік мұра екенін айтты.

Сіздің жалынды жырларыңыз әр қазақтың жүрегінде жатталып, сана түкпірінде сайрап тұр десек, қателеспейміз. Әулиеаталықтар да Шаханов мұраларына ерекше құрметпен қарайды, - деді Ербол Қарашөкеев.

Облыс әкімі ақынның иығына шапан жауып, жамбылдықтардың атынан сый-құрмет көрсетті. Бұл күні жамбылдықтар Мұхтар Шахановпен бірге Ә. Мәмбетов атындағы мемлекеттік драма және комедия театры сахналаған «Танакөз» атты мелодрамасын тамашалады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға