Жамбыл облысының әкімдігі тұрғындарға ескерту жасады

Жамбыл облысында 23-27 қыркүйек аралығында Қорғаныс министрлігінің үйлестіруімен «Бекет-2024» дағдарыстық жағдайларға ден қою бойынша кешенді ведомствоаралық оқу-жаттығу өткізіледі. Осыған байланысты әкімдік тұрғындарға ескерту жасады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Іс-шараның мақсаты - аумақтық қорғаныс бөлімшелерінің, құқық қорғау және арнайы органдардың күштері мен құралдарының дағдарыстық жағдайларға ден қоюға дайындығын тексеру.
Оқу-жаттығу күрделіліктің әртүрлі элементтері бар нақты жағдайларға мүмкіндігінше жақын.
Азаматтарды жүргізіліп жатқан оқу іс-шараларына, автокөлік пен халық қозғалысының ықтимал уақытша шектеулеріне түсіністікпен қарауға, қауіпсіздік шаралары мен тыныштықты сақтауға және де мемлекеттік органдардың ресми ақпаратын басшылыққа алуға шақырамыз",-делінген әкімдік мәліметінде.
