Жаңалықтар

Жамбыл облысында жер қойнауын пайдалануға қатысты 11 келісімге өзгеріс енді

Жамбыл облысында жер қойнауын пайдалануға қатысты  11 келісімге өзгеріс енді
Фото: Жамбыл облысының әкімдігі 01.08.2024 00:30 524

Жамбыл облысында жер қойнауын заңсыз пайдаланудың алдын алу мақсатында іс-шаралар жоспары әзірленді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының басшысы Олжас Баққараев көлеңкелі экономикамен күрес, оның ішінде жер қойнауын пайдаланудағы заңсыз әрекеттер туралы жеткізді. 

Өңірде барлығы 289 жер қойнауын пайдалану нысаны бар. Атап айтқанда, қатты пайдалы қазбаларды барлауға және өндіруге арналған 110, кең таралған пайдалы қазбалар бойынша 179 келісімшарт пен лицензия тіркелген көрінеді. 

2024 жылы келісімшарттағы ішінара міндеттемелерді орындамаған 38 жер қойнауын пайдаланушыға бұзушылықты жою туралы хабарлама жіберілді. 11 жер қойнауын пайдалану келісімшарты, лицензиясы мен рұқсаты кері қайтарылды.

Басқарма басшысының айтуынша, жер қойнауын заңсыз пайдаланудың алдын алу бағытындағы жұмыстарды жүйелеп, арттыру мақсатында арнайы іс-шаралар жоспары әзірленді.

Жоспарға сәйкес Тараз қаласы мен аудандарда мобильді топ құрылады. Топ мүшелері жер қойнауын заңсыз пайдалану фактілеріне күнделікті мониторинг жүргізіп, құқықбұзушылықтарды анықтайды. Жер қойнауына келтірілген залал, заң бұзушылықтар анықталған жағдайда құзырлы органдар заң талаптарына сәйкес тиісті шаралар қолданады.

Топ құрамына ауылдық округ әкімі, жер қатынастары және кәсіпкерлік бөлімдерінің жауапты мамандары, ішкі істер департаментінің өкілдері және қоғам белсенділері кіреді.

Ербол Қарашөкеев жер қойнауын пайдалану бойынша кәсіпкерлермен жасалған келісімшарттағы міндеттемелердің орындалуына толық талдау жүргізуді, заңсыз жер қойнауын пайдалануды анықтайтын мобильді топтарды құру жұмыстарын жеделдетуді тапсырды. Сонымен бірге жер қойнауын заңсыз пайдаланып жүрген тұлғаларға қатаң шара қабылдап, ұсынылған іс-шаралар жоспарын бір апта мерзімде қайта қарап, ұсыныстар беруді сұрады.

 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға