Жаңалықтар

Жамбыл облысында жер қойнауын пайдалану мәселесі бойынша кеңес өтті

Жамбыл облысында жер қойнауын пайдалану мәселесі бойынша кеңес өтті
Фото: Жамбыл облысының әкімдігі 09.12.2023 04:34 988

Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев өңірдегі жер қойнауын пайдалану мәселесі бойынша кеңес өткізді, деп хабарлайды EL.kz ақпарат агенттігі. 

Басқосуға ірі жер қойнауын пайдаланушы кәсіпорындардың басшылары мен өкілдері қатысты.

Аймақ басшысы, өңірдің экономикасында басымдыққа ие тау-кең өңдірісінің маңыздылығына тоқталып, кәсіпорындардың өнім көлемін арттыру, толық қуаттылығына шығу қажеттілігін атап өтті. Ол үшін жергілікті билік тарапынан тиісті қолдаулар жалғасатынын жеткізді.

Облыс әкімі кәсіпорын басшыларын негізінен жергілікті тұрғындарды жұмысқа тартуға айрықша назар аудартып, бизнестің әлеуметтік жауапкершілігін ұмытпауға шақырды.

Сондай-ақ, жиында өңірдегі жер қойнауын пайдаланып отырған кәсіпорындармен жасалған келісімшарттардағы міндеттемелер орындалуы, заңсыз жер қойнауын пайдаланып жатқан кәсіпкерлерді анықтау мәселелелері де жан-жақты талқыланды.

Кеңес қорытындысы бойынша Ербол Қарашөкеев жауаптыларға облыс аумағында заңсыз жер қойнауын пайдаланып, экологиялық талаптарды сақтамаған тұлғаларды анықтау мақсатында құқық қорғау органдарымен бірлесіп тиісті шаралар қабылдауды, тау-кең өндірісіндегі өндірістік қауіпсіздікті сақтауды бақылауда ұстау бойынша және басқа мәселелерге қатысты нақты міндеттер жүктеді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға