Жаңалықтар

Жамбыл облысында жаңа көпір пайдалануға берілді

Жамбыл облысында жаңа көпір пайдалануға берілді
Фото: Жамбыл облысының әкімдігі 06.07.2024 12:14 871

Жамбыл ауданы Аса ауылындағы темір жол станциясы арқылы өтетін жаяу жүргіншілерге арналған аспалы көпір пайдалануға берілді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Бұл ауыл халқының көптен күткен оқиғасына баланып отыр. Тұрғындар 30 жылдан аса 6 жолақты теміржолды төтесінен кесіп өтіп, қатынауға мәжбүр болған.

13 мың тұрғыны бар Аса ауылын теміржол станциясы екі бөліп тұр. Ауыл тұрғындары үшін аспалы көпірде барлық қауіпсіздік шаралары мен жаяу жүргіншілер жолағы қарастырылған. Биіктігі – 6 метр, ұзындығы – 41 метрді құрайды.

Ербол Қарашөкеев аспалы көпірді күтіп-ұстау мәселесіне көңіл бөліп, аудан әкіміне тұрақты бақылау жүргізуді тапсырғанын жеткізді. 

Балалар қауіпсіздігі - басты орында. Ауыл тұрғындарының өтініші ескеріліп, аспалы көпірдің құрылысы жүргізілді. Енді асалықтар орталыққа алаңсыз қатынайтын болады, – деді ол. 

Аса ауылы тұрғындарының атынан Әбдітәліп Омаров сөз алып, ризашылығын білдірді.

Ұзақ жылдан бері осы мәселені көтеріп келдік. Міне, бүгін көптен күткен арманымыз орындалып отыр, – деді зейнеткер.

Айта кетейік, аспалы көпірдің екі жақ бөлігіне арнайы жеделсаты қойылған. Оны денсаулығына қатысты шағымы бар қариялар және мүмкіндігі шектеулі азаматтар пайдалана алады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға