Жаңалықтар

Жамбыл облысында Қырғызстанның белсенді жастарының қатысуымен ауыл жастарының форумы өтті

Жамбыл облысында Қырғызстанның белсенді жастарының қатысуымен ауыл жастарының форумы өтті
22.11.2018 12:06 1576

«Жаңғыру жолы» жастар қозғалысының «Ұлы дала елінің киелі мұрасы» жобасына сәйкес қырғыз елінен келген қонақтар «Ұлы жібек жолының» бойында орналасқан Сыпатай батыр кесенесінде болып, батырдың өмірі мен ерліктері туралы мағлұмат алды.

Ары қарай  қонақтар Мерке аудандық тарихи-өлкетану музейін аралады. Онда қазақтың ежелден келе жатқан құрал-сайманы, ұлттық нақышта тігілген киімдері, әшекей-бұйымдары, қазақ халқының ежелден тұрмыста қолданған заттары, Мерке жерінен  шыққан белгілі тұлғалар, Тәуелсіздік таңындағы Қазақстанның келбеті, Отырар қаласынан (ежелгі Фараб) табылған құнды жәдігерлер, Тұрар Рысқұловқа арналған бұрыш, тағы да басқа сыр шертер құнды дүниелермен танысты.

Ғылыми сараптамалық бөлімнің ұйымдастыруымен «Қоғам бірігуіндегі тіларалық байланыс рөлі» тақырыбында семинар-тренинг өтті. Ал, медиация тақырыбы бойынша  жастарды  дау-жанжалдың алдын алуға арналған келісім туралы Меркі ауданының медиаторы Шынар Хамирова лекция оқыды.

Форум аясында Меркі ауданы бойынша «100 жаңа есім» жобасының жеңімпазы, балалар үйінен 8 бала асырап алған, 12 ұл-қыз тәрбиелеп отырған үлгілі отбасы иесі – Меркі аудандық ішкі істер бөлімінің полиция аға инспекторы Ғалым Арыстанбаев кездесуге шақырылды.

Ұлттық құндылықты жаңғыртатын «Қазақтану» жобасымен  Рахат Ерханұлы таныстырды.  Мұнда қазақ халқының «Табақ тарту» рәсімі көрсетіліп, дәстүрлі әндер дәріптелді.

Форумның үшінші күні спорттық ойындардан турнир ұйымдастырылып өткізілді. Жастар бильярд пен теннис ойындарынан бәсекеге түсті.

Форумның жабылу салтанатында бір топ жастар мақтау қағаздары мен естелік сыйлықтармен марапатталды.

Қырғызстанның белсенді жастарының қатысуымен откен «Жаңа толқын 100+» ауыл жастарының форумы флешмобпен аяқталды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға