Жамбыл облысында ТЖМ қызметкерлері ерекше құтқару операциясын өткізді

Фото: ТЖМ
Фото: ТЖМ
12.01.2025 14:45
503
Бүгін құтқару қызметіне Сарысу ауданының Жаңатас қаласының тұрғындарынан қоңырау келіп түсті. Құтқарушылар жеке меншік үйдің ауласында ашық құдыққа құлаған сиырды құтқармақ болды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Жануарды құтқаруға жедел-құтқару жасағының қызметкерлері дереу шығып, сиырды тез арада құдықтан шығарды. Үйлесімді күш-жігердің арқасында, өрт сөндірушілер сиырды аман-есен шығарып иесіне табыстады.
Құдықтардың люктерінде қақпақтардың болмауы адамдарға да қауіп төндіреді. Әсіресе, ойын кезінде байқамай қалып, ауыр жарақат алатын балалар үшін, - деп атап өтті құтқарушылар.
Бөлісу:

Келесі жаңалық
«Таза Қазақстан»: Шымкентте ауқымды сенбілік өтті