Жаңалықтар

Жамбыл облысында тұрғыннан 7 млн теңгенің есірткісі тәркіленді

Жамбыл облысында тұрғыннан 7 млн теңгенің есірткісі тәркіленді
Фото: t.me/POLICE_of_KZ 26.09.2024 11:02 397

Жамбыл облысында полиция қызметкерлері көлік жолаушысынан нарықтағы құны 7 млн теңге болатын 12 келіден астам гашиш тәркіледі. Бұл туралы Polisia.kz сайтына сілтеме жасай отырып El.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

ІІМ мәліметінше, «Қарасора-2024» жедел алдын алу іс-шарасы аясында жедел ақпаратты жүзеге асыру барысында облыстық ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері Алматы – Қарағанды автожолының 430-шақырымында Toyota Sienna автокөлігін тоқтатты.

Тэя қызметтік итінің көмегімен автокөлікті тексеру барысында жүк салғыштан көліктегі жолаушыға тиесілі жасыл түсті өсімдік заты бар екі сөмке табылды. Сараптама қорытындысына сәйкес, табылған заттардың салмағы 12 келі гашиш және 170 грамм каннабис (20 мың доза) шайыры екені анықталды. Қара нарықтағы құны – 7 млн теңгеге жуық, - делінген мәліметте.

ҚР Қылмыстық кодексінің 296-бабы 4-бөлігі және 297-бабының 3-бөлігі (Есірткі, психотроптық заттармен, сол тектестермен өткізу мақсатынсыз заңсыз жұмыс істеу) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары басталды.

Күдікті кінәсін мойындап, қазіргі уақытта Шу аудандық полиция бөлімінің уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға