Жаңалықтар

Жамбыл облысында туған анасын пышақтап өлтірген адам сотталды

Жамбыл облысында туған анасын пышақтап өлтірген адам сотталды
Фото: El.kz/Ербол БЕКБОЛАТ 06.01.2025 13:07 500

Жамбыл облысында анасын өлтірген ер адамға сот үкім кесті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Жамбыл облыстық сотында апелляциялық тәртіпте адам өлтіру бойынша айыпталған К.-ға қатысты қылмыстық іс қаралды.

2024 жылы қыркүйекте мас күйде болған сотталушы жанжал салдарынан ас үй пышағымен анасының кеуде тұсына қасақана мақсатты соққы жасағаны анықталған, әйел оқиға орнында көз жұмды. 

Бірінші сатыдағы сот кінәні ішінара мойындауы мен жасаған ісіне өкінуін және соттылығы болмауын жеңілдететін мән-жайлар ретінде танып, оған 13 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Алайда ер адам жазамен келіспей, бас бостандығынан айыру мерзімін қысқартуды сұрады.

Апелляциялық сатыдағы сотта Жамбыл облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасы іс материалдарын зерделеп, 1-ші сатыдағы соттың қорытындыларын заңды және негізді деп, ал К.-нің кінәсі дәлелденген деп таныды.

Қаулы заңды күшіне енді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға