Жаңалықтар

Жамбыл облысында шекарадан заңсыз тауар алып өтпек болған топ ұсталды

Жамбыл облысында шекарадан заңсыз тауар алып өтпек болған топ ұсталды
Фото: ©El.kz/Арман МҰХАТОВ 17.06.2023 15:49 1160

Жамбыл облысы аумағындағы шекара бойынша заңсыз тауар алып өтпек болған топтың жолы кесілді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Бұл туралы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

2023 жылғы 10 маусымда Шекара қызметінің Жамбыл облысы бойынша департаменті Қордай ауданы бойынша шекара басқармасы «Қарасай батыр» шекара бөлімшесінің әскери қызметшілері Мемлекеттік шекараның Қазақстан-Қырғыз учаскесінде жалпы сомасы 6 млн. теңгеден асып түсетін тауарларды заңсыз алып өту фактісінің жолын кесті (саны 19 қорап болатын темекі стиктері), - деп жазылған ҰҚК таратқан мәліметте. 

Уәкілетті органдармен осы құқық бұзушылық іс-әрекетке қатысы бар адамдарды анықтау бойынша шаралар жүргізіліп жатыр. 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға