Жамбыл облысында қару-жарақ пен оқ-дәрілер табылды
Фото: polisia.kz
Фото: polisia.kz
15.03.2023 14:57
949
Меркі ауданында қараусыз қалған ғимараттардың бірінен, бұрынғы аудандық тұтыну қоймасынан полиэтилен пакет табылды. Пакет ішінде зауыттық нөмірлері механикалық түрде өшірілген ИЖ қос, тегіс ұңғылы аңшылық мылтық, әртүрлі калибрлі 12 патрон және жарық-шу гранатасы болды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Аталған дерекке қатысты сот-баллистикалық сраптамасы тағайындалды. ҚР ҚК-нің 287-бабының 3-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Meta компаниясы тағы 10 мың қызметкерін жұмыстан шығармақ
Келесі жаңалық
Қазақстанда қыста мопедпен жүруге бола ма