Жамбыл облысында полиция қызметкері әріптесіне оқ атқан
Фото: ©El.kz
Фото: ©El.kz
16.11.2024 23:28
633
Жамбыл облысында қызметтік көлікпен патрульдеу кезінде полиция қызметкері абайсызда әріптесін тапаншамен жарақаттаған, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Жамбыл облыстық Полиция департаменті бұл ақпаратты растады.
2024 жылғы 16 қарашада қызметтік көлікпен қызметтік аумақты патрульдеу кезінде қаруды абайсыз қолдану салдарынан полиция қызметкері өзінің әріптесінің арқасына оқ атты, – делінген мәліметте.
Құқық қорғау органдары қызметтік міндеттерін орындау кезінде жіберілген салғырттық фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалғанын алға тартты.
Зардап шеккен қызметкер Кордай аудандық ауруханасына жатқызылды.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға