Жамбыл облысында полицей ауыр қылмысты жасырған
![Жамбыл облысында полицей ауыр қылмысты жасырған Жамбыл облысында полицей ауыр қылмысты жасырған](/storage/storage/element/2025/02/10/mainphoto/141807/1200xauto_lvDTbKadPRVFXpWPmDznrVA1wxfPYwrsFGchOdzm.jpg)
«Заң және тәртіп» қағидатына сәйкес Жамбыл облысының прокуратурасы қылмыстық қудалау органдарында есепке алу-тіркеу тәртібінің сақталуына ерекше назар аударады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Мәселен, прокуратурамен Байзақ ауданы полиция бөлімі бастығының орынбасарына қатысты ҚК-нің 433-бабының 2-бөлігімен ауыр санаттағы қылмысты қасақана жасырды деген күдікпен сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Қылмысты жасыру аудан аумағында орын алған 10 700 000 теңге қаражатты жымқыруға қатысты арызды Сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізіліміне тіркемеу арқылы жүзеге асырылған. Жиналған дәлелдемелердің жиынтығымен күдіктінің іс-әрекеті ҚК-нің 433-бабы 3-бөлігінің 2) тармағымен сараланды (ауыр қылмысты адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен жасыру). Күдікті полиция қызметкері ҚПК-нің 128-131-баптарының тәртібімен ұсталып, оған қатысты сотпен «күзетпен ұстау» түріндегі бұлтартпау шарасы санкцияланды. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру жалғасуда. ҚПК-нің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жариялануға жатпайды.
Прокуратура құқық бұзушылықтарды тіркеу кезінде есепке алу-тіркеу тәртібін сақтаудың маңыздылығына баса назар аударады және қылмысты есептен жасыру үшін 10 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза көзделгенін ескертеді.
![Telegram](https://el.kz./static/site/images/tel26.png)