Жаңалықтар

Жамбыл облысында пияз жәрмеңкесі өтті

Жамбыл облысында пияз жәрмеңкесі өтті
Фото: gov.kz 18.09.2023 08:30 900

Жамбыл облысының өндірушілері елдің тұрақтандыру қорларына 8,8 мың тонна пияз жеткізетін болады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Таразда өткен ауыл шаруашылығы жәрмеңкесінің қорытындысы бойынша өңірлік ӘКК мен фермерлер арасында тиісті уағдаластықтарға қол жеткізілді. 

Өнімдер маусымаралық кезеңде ішкі нарықты толықтыруға мүмкіндік береді, сондай-ақ осы кезеңде пияз бағасын тұрақтандырады.

Айта кетейік, жәрмеңкеге ерте пісетін сұрыптардан кеш шығатын сұрыптарға дейін пияздың кең ассортиментін ұсынған 60 ауыл шаруашылығы өндірушісі қатысты.

Биыл Жамбыл облысында 24,4 мың га пияз егілді, фермерлер 800 мың тонна көкөніс жинауды жоспарлап отыр, бұл республиканың жыл сайынғы қажеттілігінен 2,5 есе көп.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға