Жамбыл облысында өрттен әйел мен оның төрт немересі құтқарылды
Фото: ҚР ТЖМ
Фото: ҚР ТЖМ
24.11.2024 09:14
521
Жамбыл облысында өртеніп жатқан екі қабатты үйден пәтерде түтінге тұншығып қала жаздаған әжесі мен төрт немересі құтқарылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Өрт 24 қараша күні таңертең Байзақов ауданы Бурыл ауылында болды. Құтқарушылар барлау кезінде түтін басқан бөлмеден әйел мен балаларды тауып үлгерді.
10 ш. м. аумақты өрт шарпып, үй тұрғындарын көміртегі тотығымен улану қаупін тудырған қалың түтін пайда болды. Өрт сөндірушілер барлау кезінде кейуана мен 4 баланы тауып, оларды терезе арқылы ашық ауаға шығарды, - делінген Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінде.
Өрт сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Қыз баланың әкесі атанғым келеді - Тәуекел Мүсілім
Келесі жаңалық
Шерзат Болаттың әкесі бостандыққа шықты