Жамбыл облысында көліктерді алаяқтықпен иемденген күдікті анықталды

Жамбыл облысында көліктерді алаяқтықпен иемденген күдікті анықталды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Тараз қаласы полиция басқармасына облыс орталығының 32 жастағы тұрғыны танысын алдап, сенімін теріс пайдалану арқылы 8 Toyota Camry автокөлігін иемденіп алғаны туралы арызбен жүгінді. Аталған дерек бойынша ҚР ҚК-нің 190-бабы 4-бөлігімен (аса ірі мөлшердегі алаяқтық) сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде. Тергеу барысында осы қылмысқа Тараз қаласының 30 жастағы тұрғынының қатысы бар екені анықталды. Жүргізілген жедел-тергеу шараларының нәтижесінде Toyota Camry 5 көлік табылып, тәркіленді.
Қылмыстық іс ҚР ҚПК-нің 300-бабына сәйкес аяқталып, облыстық прокуратураға жолданды. ҚР ҚПК 201-бабының талаптарына сәйкес, тергеу мүддесіне байланысты басқа ақпарат жария етуге жатпайды.
