Жаңалықтар

Жамбыл облысында КЭС құрылысына аукциондық сауда-саттықтың қорытындысы

Жамбыл облысында КЭС құрылысына аукциондық сауда-саттықтың қорытындысы
Фото: gov.kz 28.11.2023 02:28 704

2023 жылғы 27 қарашада жалпы белгіленген қуаты 20 МВт ҚР БЭЖ Оңтүстік аймағы үшін күн электр станциясының құрылысына жобаларды іріктеу бойынша ЖЭК аукционы өткізілді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Аукциондық сауда-саттыққа қатысуға 8 компания жіберілді, сауда сессиясын өткізу барысында қатысушылар 45 баға ұсынысын берді. Берілген өтінімдердің жалпы көлемі 110.001 МВт құрады. КЭС жобаларын іріктеу бойынша аукциондық сауда-саттықты өткізу кезіндегі шекті аукциондық баға 2023 жылы 34.61 тг/кВтсағ (ҚҚС-сыз) құрады.

Сауда-саттық сессиясын өткізу барысында аукциондық сауда-саттыққа қатысушылардан алынған өтінімдердің баға диапазоны 34.61-ден 17.34 тг/кВтсағ (ҚҚС-сыз) құрады.

Аукциондық сауда саттық қорытындысы бойынша жеңімпаз болып келесі компания анықталды:

ЖШС «Хорса» жобаның белгіленген қуаты 10.001 МВт, аукциондық бағасы 17.34 тг/кВт*сағ (ҚҚС-сыз). Жобаны Жамбыл облысында орналастыру жоспарлануда.
 
Аукциондық сауда саттыққа байқаушылар ретінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің, «Атамекен» ҰКП, «Қазақстан электр энергетикалық Қауымдастығы» ЗТБ, «KAZENERGY» ЗТБ және USAID өкілдері қатысты. Байқаушылар аукционды ұйымдастырушы – «ЭҚРҚО» АҚ электрондық сауда жүйесі жұмысының толық ашықтығын атап өтті.

ЖЭК бойынша аукциондық сауда-саттық жеңімпаздарының тізілімімен сауда-саттықты ұйымдастырушының ресми интернет-ресурсында танысуға болады: https://vie.korem.kz/rus/analitika/restr_pobed/ .

Келесі аукцион 2023 жылғы 28 қарашаға ҚР БЭЖ Оңтүстік аймағы үшін жиынтық белгіленген қуаты 20 МВт КЭС түрі бойынша тағайындалды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға