Жаңалықтар

Жамбыл облысында ірі көлемде есірткі сатқан екі топ ұсталды

Жамбыл облысында ірі көлемде есірткі сатқан екі топ ұсталды
Фото: ҚР ҰҚК 17.10.2024 11:57 391

Жамбыл облысында аса ірі көлемде есірткі сатты және тасымалдады деген күдікпен қылмыстық топ ұсталды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

ҰҚК мәліметінше, биылғы қыркүйекте ҰҚК Жамбыл облысы бойынша департаменті прокуратура органдарының үйлестіруімен есірткіні аса ірі көлемде тасымалдады және сатты деген күдікпен екі есірткі тобының әрекетінің жолын кесті.

Шу және Мерке аудандарында шамамен 102 келі марихуана мен 3 келіге жуық синтетикалық есірткіні өткізу әрекеті кезінде Қазақстанның үш азаматы ұсталып, соттың санкциясымен қамауға алынды. Қылмыстық кодекстің 297-бабының 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде, - делінген мәліметте.

Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабының 1-бөлігіне сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға