Жаңалықтар

Жамбыл облысында ескі қаланың орны табылды

Жамбыл облысында ескі қаланың орны табылды
Фото: Жамбыл облысының әкімдігі 28.05.2023 14:18 1467
Жамбыл өңірінде тағы бір көне қаланың орны табылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.  
 
"Хабар 24" арнасының жазуынша, археологтар 600 гектар аумақты алып жатқан шаһар Түркі қағанатына тиесілі болған деп отыр.
 
Қазба жұмыстары 20 күн бұрын Жамбыл ауданындағы Құмтиын ауылының маңында басталған. Мамандар мұнда 6-12 ғасыр аралығына тән, биіктігі 12 метрге дейін жететін Қаракемер қаласы болғанын анықтап отыр.
 
Әзірге көне шаһар аумағынан бірнеше бөлмелік үйлер мен қыш құмыралар, жан-жануарлардың сүйегі және ошақ орны табылды. Тарихи жәдігерлерге қарап, қалашықта егін мен мал шаруашылығының жақсы дамығанын аңғаруға болады. Археологтарды 1200 градус температурада балқыған шынылардың шыққаны таңғалдырды.
 
Мамандар құнды заттарға толы мекенді әлі бір зерттемек.
Төрткүлтөбе 1-де көлемі 11/12 метрлік қазба жұмыстары жүргізілді. Нәтежесінде бірнеше бөлме орындары анықталды. Бұл жерде ұзындығы 15 метрден асатын, қабырғасы, былайша айтқанда, құрылыстың кесік дейді ғой, қимасын анықтау мақсатында қазір тазалау жұмыстары жүргізіліп зерттерліп жатыр, - дейді археолог Ералы Ақынбек.
Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға